Қостанай облысындағы жылу беру компаниялары тұтынушыларға 25 млн теңгеден астам қаржыны қайтаруға міндетті.
Табиғи монополияны реттеу департаменті жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша осындай шешім шығарылды. Бұл үйінде жылу есептегіші жоқ тұрғындарға ғана қатысты. Жүргізілген сараптама нәтижесінде оларға жылу нормасы асыра көрсетіліп, сол бойынша төлем алынғаны анықталды. Көктем, күз айлары онша суық болмаса да, сыртқы температураға сәйкес келмейтін тариф тағайындалған.
Алина Сүлейменова, табиғи монополияларды реттеу департаментінің бас маманы:
- Табиғи монополия құрылымдарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға құжат жинаудың қажеті жоқ. Жылу беру компаниялары әр үйдің шаршы метріне, температура көрсеткішіне байланысты қайта есептеу жүргізеді. Қанша сома қайтарылатыны түбіртек қағазда, төлем құжатында көрсетіледі. Олар 20 шілдеге дейін қайта есептеуді жүргізуі тиіс. Үлгермеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz