Жыл басынан бері Қазақстанда 499 мың жаңа кәсіпкерлік нысаны тіркеліпті. Осылайша, елдегі бизнес субъектілерінің саны 2 млн 900 мыңға жеткен.
Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 688 мың 597, ал жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жиынтық саны 1,9 млн-нан 2,3 млн-ға дейін артқан. Үкімет басшысы Олжас Бектенов "бизнес бастамаларды қолдау көрсетуді жалғастыру қажеттігін қадап айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Шағын және орта бизнес экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болып қала береді. Біз осы саланың одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауымыз керек. Барлық мемлекеттік органдар «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, өңірлердегі кәсіпкерлер мен олардың бизнес бастамаларын жан-жақты қолдау мақсатында өзара тығыз жұмыс істеу қажет. Туындаған барлық проблемалық мәселелер жедел түрде шешімін табуға тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #кәсіпкерлер #бизнес #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz