Әйелдер міндетті мерзімді әскери қызметке шақырылмайды. Қолданыстағы заңнамада мұндай норма көзделмеген әрі оны енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қарулы күштер қатарына тек келісімшарт жасасуға ниет білдірген азаматтар ғана алынады. Дәл сондай ережемен қазір 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады. Олардың мыңға жуығы – офицер, ал 6 мыңнан астамы – келісімшарт бойынша қару асынған. Сонымен қатар 11 нәзікжанды басшылық лауазымды атқарады. Соңғы жылдары әйелдердің әскери қызметтегі мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Бүгінде олар жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінде қызмет атқарып, ұшқыш, мерген және арнайы мақсаттағы бөлімшелер қатарына кірген. Оған қоса парашютпен секіру, ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырып, басқару сынды маңызды міндеттерді орындайды.
Самат Нәлібек, ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің аға офицері, майор:
- Әйелдердің қызмет атқаратын салаларына медицина, кадр, психология, заң, байланыс мамандарының лауазымдарын атқарып келеді. 2002 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтында ең алғашқы әскери әйел офицерлері шығарылған. 2023 жылдан бастап Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында медицина саласындағы офицелер оқытылады. Қазақстанда әйел адамдар әскери қызметі ерікті түрде өтейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әйелдер #әскери қызметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz