RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында жолдардың жай-күйі тексеріліп жатыр

14.07.2026, 20:50 36

Жамбыл облысында бір аптаның ішінде 3 рет жер сілкінді. Магнитудасы 4,5 балға дейін жетті. Жер асты дүмпулерінен кейін республикалық маңыздағы тасжолдардың жағдайы шұғыл тексеріліп жатыр.

ҚазАвтоЖол мекемесінің өкілдері транзиттік  жолдардағы инфрақұрылымның жай-күйін қарап шықты. Жауапты мамандар 8 ауданның аумағын аралап, 14 жол айрық, 8 теміржол өткелін тексерді. Одан бөлек 100-ге жуық көпір мен жаяу жүргіншілеге арналған 3 жерүсті өткелінің техникалық жағдайын қарады. Олардың айтуынша, қауіп төндіретіндей ақау анықталмаған. Қазір көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Біржан Әшіров, «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Жер сілкінісі кезінде жарықтар пайда болған жағдайда бірінші оның қандай жарық екенін, апатты ма, жоқ па соны зерделейміз. Егер апатты болса, алдын ала тиісті өкілдерге хабар беріледі. Жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын алу шаралары ұйымдамтырылады. Үш жер сілкінісі кезінде ондай қауіпті жарықтар кепшіліктер ауқаулап пайда болған жоқ.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz