RU
Толық нұсқаға өту

Цитадель қабырғасы қалпына келтіріледі

14.07.2026, 22:20 28

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы Цитадель қорғанының шығыс жақ қабырғасын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қабырғада жарық пайда болып, сылағы түсе бастаған. Арнайы жүргізілген мониторинг қорған іргесінің жыл сайын 10-15 сантиметрге ығысқанын көрсеткен. Осыдан кейін, тарихи нысанды қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. «ҚазҚайтаЖаңарту» өкілдерінің сөзінше, ғылыми-реставрацияның  мақсаты - ескерткіштің бастапқы келбетін сақтап қалу.

Нұртулла Бекбергенов, «Қазқайтажаңарту» РМК филиалының директоры:

- Мәдениет және ақпарат министірлігімен бекітіліп, белгіленіп отырған апаттық аймақ деп осы 40 метр жерді биыл жасап жатырмыз. Үлкен ауқымды жұмыс. Бүкіл 1500 куб топырағын, кесегін бәрін алып, іргетасын бетонмен құйып, қызыл кірпіштермен қалап, деңгейін қазіргі 6,5-7 метрге дейін жасайтын боламыз. Жоспар бойынша биыл қараша-желтоқсанда бітіреміз деп отырмыз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz