Астанада жыл басынан бері 700 адам ботаникалық саябақта тәртіп сақтамағаны үшін айыппұл арқалады. Тұрғындар тыйымға қарамастан табиғат аясында дастархан жайған.
Десе де тәртіп сақшылары әкімшілік жаза барын тағы бір мәрте еске салды. Оның мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш шамасында. Яғни 86 мың теңге. Жауаптылар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциялары аясында күн сайын рейд жүргізеді.
Бақытжан Алдауов, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:
- Біз күнделікті тұрғындарға көгал үстінде пикник жасауға, тамақтануға, өзінен кейін қоқыс қалдыруға болмайтынын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені тұрғындар дұрыс түсінбейді. Біз оның алдын алып, бірінші түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Айыппұл салу мақсат емес.
Еркін Жанәбіл, қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
- Бөтелке, пластикалық ыдыстар, пакеттер, одан қалды салфеткалар жатады. Оның барлығын өздерімен бірге алып кетпейді. Кейбір заттар қалып қояды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505 бабында көрсетілген. Айыппұл көлемі 10 АЕК.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #пикник #айыппұл #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz