Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Заңсыз есірткі айналымына қарсы бағытталған «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шараcы барысында Таврическое ауылындағы жеке тұрғын үйден қолдан ұйымдастырылған есірткі плантациясы табылды.
Тергеу мәліметінше, 41 жастағы ауыл тұрғыны интернет арқылы сора тұқымдарын сатып алып, оларды өсірумен айналысқан. Есірткі өсімдіктерін күтіп-баптау үшін ол ескі кір жуғыш машинаны қолдан жасап, шағын жылыжай ретінде пайдаланған.
Тінту барысында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп сора өсімдігін, есірткі тұтынуға арналған құрылғыны, сондай-ақ гараждан кептірілген есірткі затының ірі көлемін тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің барлығы сора (каннабис) болып шықты. Оның жасыл күйіндегі жалпы салмағы 50,94 грамм, ал кептірілген марихуананың салмағы 16 келі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ШҚО #полиция #есірткі қылмысы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz