RU
Толық нұсқаға өту

Ақылы қызметтер абоненттің қос келісімімен қосылады

15.07.2026, 13:43 44

Абоненттердің ақылы қызметтерді алу құқы қорғалады. Енді байланыс және интернетті қостыру үшін иесінің келісімі керек. 

Тіпті екі қайтара рұқсат алынуы тиіс. Яғни жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы расталатын болды. Сондай-ақ 14 жасқа толмаған балалардың нөмірін тіркеуге қатысты қауіпсіздік күшейтілді. Бұл үдерісті тек заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізеді. Бір жеткіншекке бір нөмір ғана рәсімделеді. Елде телекоммуникациялар мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы заң қабылданған болатын. Құжат байланыс сапасы мен цифрлық сервистерге мүмкіндікті арттырып, деректерді өңдеу орталықтарын ашуды қамтиды. Цифрлық экономиканың энергетикалық базасын, телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауға және байланыс желілеріндегі алаяқтыққа қарсы күреске негізделген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz