RU
Толық нұсқаға өту

Каспий теңізі жағасында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды

15.07.2026, 16:34 28

Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар туған күні достарымен демалып жүргенде жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың мәйітін тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару операциясы Каспий теңізі жағалауының арнайы жабдықталмаған аумағында жүргізілген.

Жас жігіттің мәйіті бүгін, 15 шілдеде, Ақтаудан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта табылды.

Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Еске салайық, 18 жастағы Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні күндіз «O'Mir» курорттық қонақүйі маңында жоғалып кеткен болатын.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz