Қайта жаңартылған «Жібек жолы» кеден бекеті келесі айда ашылады.
Қазақстан және Өзбекстан шекарасындағы нысанды жөндеу жұмысы былтыр басталды. Қазір негізгі құрылысы аяқталып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмысы ғана қалды. Жаңартылған кешеннің аумағы екі есе ұлғайды. Мамандардың айтуынша, бекетте енді тәулігіне 70 мың адамға қызмет көрсетіліп, 2 мың көлік пен 200 автобус өте алады. Жаңғырту жұмысына 11 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Кеден бекеті тек жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Асқар Айнамкұлов, «Жібек жолы» кеден бекетінің басшысы:
- Кеден бекетінің аумағында екі ғимарат болады. Біреуі Қазақстан Республикасына кіру бағыты, біреуі ҚР шығу бағыты. Өткізу қабілетін арттыру мақсатында барлық процесттер көбейтілген. Алдағы уақытта толық аяқталып, кедендік бақылау техникалық жаңартылып осы бұйырса тамыз айында іске қосылады деген ойдамыз.
Тегтер #жібек жолы #кеден бекетіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz