RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда жастар ұлттық Құрылтайға үлес қосты

15.07.2026, 19:09 39

Құрылтай сайлауы ел ішінде қызу талқыланған қоғамдық-саяси тақырыпқа айналды.

Оған жастар да үн қоса бастады. «Ел өміріндегі аса маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауымызды жасау біз үшін азаматтық жауапкершілік. Дауыс беру арқылы ұстанымымызды білдіріп, қоғамды дамытуға ықпал ете аламыз, дейді олар. Жастар жұртты таңдау жасаудан қалыс қалмауға шақырады.

Ризат Рахымжанов, белсенді:

- Бізді Құрылтайға қандай жас үміткерлер баратыны қызықтырады. Сол арқылы жастар үшін институционалдық мінбер пайда болады деген ойдамын. Еліміздің болашақтағы дамуы сайлауда берген дауысымызға байланысты. Сондықтан да алдағы саяси науқанға бей-жай қарамайық.

Арина Краскова, қалалық «ЖАСЫЛ ЕЛ» штабының командирі:

- Біз үшін, жалпы жастар үшін бұл өте маңызды оқиға болғалы тұр. Сол себепті азаматтық жауапкершілік мәселесіне дұрыс көзқараспен қарап, мемлекетімізді дамытуға өз ұлесімізді қоса білуіміз керек. Өйткені әр адамның азаматтық жауапкершілігі мықты мемлекеттің негізгі тірегі деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz