RU
Толық нұсқаға өту

Елордалық қариялар әлеуметтік орталықтың шарапатын көріп отыр

15.07.2026, 19:50 37

Қазақстан  – азаматтардың лайықты өмір сүруі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуді басты орынға қоятын әлеуметтік мемлекет.

Жаңа Конституцияның негізі бұл. Елде әлеуметтік қорғау шаралары жүйеленіп жатыр. Мәселен, Астанадағы "Шарапат" әлеуметтік орталығында 350 адамға стационарлық қызмет көрсетіледі. 640 қария мен мүмкіндігі шектеулі жан көмекті үйден алады. Қызмет алушылардың әр күнін әсерлі өткізу үшін мамандар мәдени, спорттық шаралар өткізеді. "Әлеуметтік Қазақстан" айдарын көріңіз.

Түрлі тағдыр тоғысқан "Шарапат" әлеуметтік орталығының ең үлкен тұрғыны 101 жаста. Ол өз бөлмесінде тынығып жатқанда, біз 90-ды алқымдаған Бақытқали атамен сырластық. Ғұмырының 60 жылын ауыл шаруашылығына арнаған қария, 6 баланың әкесі. Қазір өз қалауымен осы орталықты паналап жүр.

Бақытқали Хаметов

- Мен "Шарапатқа" келген себебім, мен өзім жалғыз тұрдым үйде. Жалғыз көшеге шығасың, жүресің, тұрасың қызық емес. Себебі кездескен жігіттер айтты, Шарапатқа барсаң, көңіл көтеруге де, бүкіл емін істейді, тырнақтарыңды да алып береді. көңілімнен шықты, сол себепті осында қалдым.

Әлеуметтік орталық 1989 жылы ашылды. Қаншама қария мен 1-2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға пана болды. Қазір мыңға тарта адамға стационарлық және үй жағдайында қызмет көрсетеді.

Данагүл Жылқыбаева, «Шарапат» әлеуметтік орталығы директорының орынбасары:

- Қызмет алушыларға қызметтерді сапалы түрде көрсетуге тырысамыз, әрине. Оның ішінде психологиялық қызметтер бар. Бұл кісілер осы жерге қиын өмірлік жағдаймен келгендіктен, үй жағдайындағыдай атмосфера жасап беруге тырысамыз.

Әлеуметтік орталықта медициналық оңалту қарқынды жүріп жатыр. Дәрігерлер тыным таппайды. Стационардағы 350 қызмет алушының 126-сы төсек тартқан, 90-ға тарта адамның жүру мүмкіндігі шектелген. Барлық науқасқа иппотерапия, ЛФК, бассейн, массаж сияқты ем-шаралары жасалады. Қажет болса, жедел жәрдем және №5 емхана арқылы медициналық көмек көрсетіледі.

Ержан Әбдікәрімов, «Шарапат» әлеуметтік орталығы медицина бөлімінің меңгерушісі

- Күндіз-түні қараймыз ғой. Экстренный жағдай болса, шақыртады. Адам қайтыс болса да шақыртады. Дәрігерлеріміз уақытында қарап, уақытында жіберіледі. Кейбіреулерінің туысқандары бар, кейбіреулерінің туысқандары жоқ. Көмек толығынан жасалып жатыр. 

Надежда Шестакова кезекті емін алуға келді. Дәрігерлер науқастың аяқ буындарына қан жүгірту үшін магнитті аппаратқа қосқан. Бұған дейін сыр берген жүрегін емдеді. Жағдайы оңалып, көңілі көтерілгеніне біз де куә болдық.

Надежда Шестакова

- Бесінші жыл осында тұрамын. Маған ұнайды. Осында күйеуге шықтым. Нарушение жоқ. Немножко жүрек ауырды, стенд маған істеді. Докторлар жақсы. Не сұраймыз, бәрін береді. бәрін істейді.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға еңбек терапиясының да маңызы зор. Мәселен, Шарапат әлеуметтік орталығының аумағы 4,5 га барады. Оны абаттандыруға қызметкерлерге қызмет алушылар да атсалысады. 

Қам көңіл жандар қамқорлыққа зәру. Әрқайсысы орталыққа келген қонаққа үмітпен қарайды. Бүгін еріктілер ата-әжелерге әннен шашу шашып, концерт қойып берді. Сондай-ақ қолөнер, спортпен айналысуға жағдай жасалған. Орталық ішінде музей де жұмыс істеп тұр. Мұның бәрі қызмет алушылардың уақытын тиімді әрі сапалы өткізуге бағытталған. Әлеуметтік Қазақстанның әлеуеті осындай.

Мерей Мұратханқызы, Самат Қазанбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz