RU
Толық нұсқаға өту

Астана су қоймасы жаңартылады

15.07.2026, 21:26 37

Қазір сала министрлігі жобалық сметалық құжатын дайындап жатыр.

Мемлекеттік сараптамадан өтсе, күрделі жөндеу жұмыстары басталады. 

Астана су қоймасы елорданы ауыз сумен қамтып отыр. 1970 жылы пайдалануға берілген нысанның сыйымдылығы – 410,9 млн текше метр. Жарты ғасырдан астам уақыт мызғымай тұрған бекетке биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Себебі қазір мамандар бөгетті қолмен басқарып келеді.

Андрей Круглов, Астана су қоймасының бастығы:

- Тасқын кезінде жұмыс қиындайды. Біз екі сағат сайын су деңгейін өлшеп, есеп тапсырып отыруымыз керек. Сондай-ақ суды ағызу үшін шлюздерді де қолмен ашамыз. Тәулік бойы көз ілмейтін кездер болады. Күрделі жөндеуден кейін жүйе толық автоматты түрде жұмыс істейді. Сонда біз тек монитордан бақылап отырамыз.

Сондай-ақ Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау да жоспарланып отыр. Бұл нысан тасқын кезінде қарғын суды жинап, селден қорғайды.

Арсен Жақанбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің комитет төрағасы:

- Соңғы кездегі климаттық өзгеруге байланысты, және экстремалды тасқын судың жиілеуіне байланысты бұл ғимаратты біз күшейтіп, яғни, бұл нысанның құрамында апатты су тастағыш каналымен бірге құрылысын жасап жатырмыз. Және соңғы автоматтандырылған жүйе, алдын ала ескерту немесе ерте ескерту жүйесі орнатылатын болады.

Сондай-ақ жоба бойынша көпір, заманауи дренаж жүйесі, автоматтандырылған мониторинг пен ерте ескерту жүйесі енгізіледі. Осылайша кез келген тасқынға тосқауыл болатын тас қамал жүйе жасақталады. 

Серік Селеубайұлы, Ақылбек Есімсейітов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz