Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 пайызға артты. Жыл басынан бері салаға салынған инвестиция 36,4 пайызға ұлғайды.
Ал азық-түлік өндірісіне тартылған қаржы 2,7 есе өсіп, 207 миллиард теңгеден асты. Биыл жалпы егіс алқабы 23,8 миллион гектарға кеңейтілді. Сонымен қатар мал басы көбейіп, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артқан. Бұдан бөлек, 2026-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің жол картасы аясында 13 ірі халықаралық инвестициялық жоба қолға алынған. Агротехниканы 5 пайыздық жеңілдетілген лизингпен сатып алуға 350 миллиард теңге бөлінді. Сатып алынған техниканың 95 пайызы Қазақстанда құрастырылған. Қазір елде тракторлар мен комбайндарға деген ішкі сұраныстың 90 пайызын қамтамасыз ететін 10 ірі зауыт жұмыс істейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауыл шаруашылығы #инвестицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz