RU
Толық нұсқаға өту

Сақшылар заң мен тәртіпті сақтауға шықырады

16.07.2026, 13:50 43

Жыл басынан бері елордадағы бір ғана ботаникалық бақ аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 800-ге жуық адам айыппұл арқалаған.

Табиғат аясына тынығуға келген адамдардың басым бөлігі айналасын ластап, қоқыстарын тастап кететін көрінеді. Сонымен бірге белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасайтындар да тыйылмай тұр. Сақшылар ережені елемеген 350 саудагерді анықтапты. Ал тыйым салынған орындарда суға түскені үшін 330 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты астаналық полицейлер жазғы демалыс кезінде тазалықты, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтауға шықарады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz