Амнистия бойынша 590 мыңнан аса қазақстандық әкімшілік айыппұлдардан босатылды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР ІІМ 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы Заңға қол қойғанын еске салып, қанша азаматтың әкімшілік жазадан босатылғанын мәлімдеді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді.
Амнистия шамамен 590 мың адамды қамтыған. Оларға қатысты 1,3 миллионнан аса әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.
«Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзгелердің құқықтарын құрметтеуге шақырады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы. Ал «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі», - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ІІМ #амнистия #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz