Қазақстан Қытай инвесторларына Екібастұзда жүзеге асырылатын елдегі ең ауқымды цифрлық жобалардың бірі – Дэйта Сэнтер Вэлли жобасына қатысуды ұсынды.
Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен қытайлық бизнес өкілдерімен кездесуде айтты. Жоба Орталық Азиядағы ең ірі деректерді өңдеу орталығына айналып, бұлтты сервистер мен жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған маңызды алаң болмақ. Инвесторлар үшін дайын инфрақұрылым жасалып, тұрақты электрмен қамту және арнайы инвестициялық жеңілдіктер қарастырылады. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық 49 млрд АҚШ долларына жетсе, Қытайдың Қазақстанға салған инвестиция көлемі 30 млрд доллардан асты. Қазір елде қытай капиталының қатысуымен 8,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Цифрлық технологиялардан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев логистика, көлік дәліздері мен стратегиялық маңызы бар минералдарды өңдеу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.
Тегтер #Қытай #цифрлық технологиялар #инвесторларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz