Шанхай төрінде Мемлекет басшысы СATL директорлар кеңесінің тең төрағасы Пань Цзяньмен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар жоғары технология саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективасын талқылады. Алдағы уақытта қытайлық компания елімізде аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салуға жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс орнына айналуы мүмкін. Президент бұл бастаманы құптап, Қазақстанның шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндігі толық жететінін атап өтті.
Тегтер #қытайлық компания #аккумулятор #батарея #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz