Қытайдың Guoyou Materials Group компаниясы Маңғыстау облысында Құрық көпфункционалды портын салуды жоспарлап отыр.
Корпорация алғашқы жылы жүк өткізу көлемін 15 миллион тоннаға жеткізуді көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдап, бастаманы құптады. Ауқымды жобаны іске асыру теңіз бен теміржол логистикасын ұштастырып, аймақтағы көлік инфрақұрылымының өткізу ауқымын кеңейте түсетініне сенім білдірді. Оған қоса, елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыратуға сеп береді. Юй Боян жобаны егжей-тегжейлі баяндады. Портты хаб салу арқылы жұмыс орындарын ашу, саладағы кадр әлеуетін нығайту, қазақстандық тауар мен қызметтерді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
Тегтер #Маңғыстау #порт #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz