RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда гидрожинақтаушы электр станциясы салынады

16.07.2026, 17:59 48

Президенттің Шанхайға сапары аясында жобаны жергілікті компаниямен бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдап, бұл шешімді құптады. Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр. Кездесуде Президент Бақты-Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы айтылды. Жоба қауіпсіз теңіз қатынасы қызметін ұсынатын өңірлік орталық қалыптастыруға көмектеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz