Қазір Семей орманы табиғи резерватында мамандар қызыл жалынды сөндіруге күш салып жатыр.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция бөлімшелері кезекшілікке шықты.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Қамышен орманшылығында қызыл жалынмен күрес жалғасып жатыр. Оқиға орнында 20-дан астам техника мен ондаған маман жұмылдырылған. Көмекке Төтенше жағдайлар министрлігінің қосымша күштері де тартылып, арнайы тікұшақтар жіберілді.
Осы сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша, өрт 240 гектар аумақты шарпып үлгерген. Қазір Камышен шаруашылығының маңында жедел басқару орталығының базасында штаб құрылды. Өрт ошағына облыс әкімі келіп, жағдайды бақылауға алды. Мамандардың сөзінше, қазір жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков
Тегтер #Абай облысы #орман өрті #полицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz