Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. Тізімге 33 адам енген.
Оның ішінде 14 кандидат, яғни 30 пайыздан астамы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Заңда белгіленген квота талаптары сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттарға қатысты тиісті тексеру жүргізілгенін хабарлады. Партиялық тізімге енген барлық кандидат Қазақстан Республикасы Конституциясы және «Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкес келеді. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды. Бұл – елдегі сайлау науқаны аясындағы төртінші отырыс. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға 7 саяси партия жіберілгенін атап өтті.
Талғат Омаров, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ Астана қ. филиалының төрағасы:
- Бүгін өздеріңіз куә болдыңыздар. Тіркеуден өттік. 8 шілде күні бізде съезд өткен еді. Соның ішінде 33 үміткерді біз таңдап алдық. 9 шілде құжаттардың барлығын Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық. Барлығы заң талабына сәйкес болып бүгін қаулысы шығып отыр.
Тегтер #сайлау #ОСК #партия #тізімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz