Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Абай облысының Бородулиха ауданында ірі орман өртін сөндіруге қатысып жатыр.
Тілсіз жауды ауыздықтау аптап ыстық пен жетуі қиын жер бедері салдарынан күрделене түсті. Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары да жұмылды. Армия авиация экипаждарына үлкен жауапкершілік жүктелді. Әскери ұшқыштар өрт ошақтарына әуеден су төгіп, жердегі бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап жатыр. Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары өрт ошақтарына 57 тонна болатын 30-дан аса мәрте су төкті. Авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралу қарқыны бәсеңдеп, жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулауына мүмкіндік туды.
Тегтер #қорғаныс министрлігі #өрт сөндіру #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz