RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысындағы жол апатына қатысты үкім шықты

16.07.2026, 23:13 48

Маңғыстау облысында бес адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. 

Сотта автожолды күтіп ұстауға жауапты мекеме басшысы жауап берді. 16 қаңтарда көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы жолдан шығып аударылып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді. 14 адам жарақат алған. Жол апатына қатысты тергеуді Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.

Олжас Киікбаев, Маңғыстау Көлік прокуратурасының аға прокуроры:

- Сот үкімімен «КАЖСервис» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің бастығы ҚР ҚК-нің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz