Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар және экология министрлері осы аймаққа барды. Жедел басқару орталығында штаб құрылды. Өртті сөндіруге Абай және Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан төтенше жағдайлар қызметі тартылды. Сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамы да жіберілді. Тілсіз жаумен 769 адам адам, жүзден астам жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өртті сөндіру басталғаннан бері әуе техникасы арқылы 243 рет су төгіліп, 546 тонна су жеткізілді.
Тегтер #Абай облысы #өрт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz