RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Домбыра мен қобызды ұшаққа алып кіруге бола ма? Қазақстанда жаңа қағидалар енгізіледі

17.07.2026, 11:20 62

Көлік министрлігі әуе тасымалы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады, деп хабарлайды «24KZ».

Түзетулер музыкалық аспаптар мен жануарларды тасымалдаудың жаңа нормаларын, мүгедектігі бар жолаушылар үшін қосымша кепілдіктерді, сондай-ақ рейстердің кешігуі үшін өтемақы төлеу мерзімін қысқартуды қарастырады.

Басты жаңалықтардың бірі – музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеу болмақ. Жобада белгіленген талаптар сақталған жағдайда оларды ұшақ салонында қол жүгі ретінде, жеке жолаушы орнында немесе тіркелген багажда тасымалдау мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыра мен қобызды сенімді қорғаныс қабында (футлярда) салон ішінде тасымалдауға ресми рұқсат беру ұсынылған. Олардың өлшемі 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс.

Жоба әуе компаниялары белгілеген ережелерге сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдау мүмкіндігін қарастырады.

Бұдан бөлек, заңнамалық деңгейде мүгедектігі бар жолаушыларға әуе тасымалы бойынша жеңілдіктер беруді бекіту ұсынылып отыр.

Көлік министрлігі әуе компаниясы ұшақты сыйымдылығы азырақ әуе кемесіне ауыстырған жағдайда орындарды ұсыну тәртібін белгілеуді ұсынады.

Ұшаққа отырғызу кезінде мына тұлғаларға басымдық беріледі:
кәмелетке толмаған жолаушылар;
мүгедектігі бар адамдар;
ауыр дертке шалдыққан жолаушылар;
жүкті әйелдер;
зейнет жасындағы азаматтар.

Түзетулер жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Мәселен, тасымалдаудың кешігуі үшін айыппұл төлеудің ең ұзақ мерзімін өтініш берілген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт деп белгілеу ұсынылады.

Бұған қоса, егер әуе компаниясының кінәсі дәлелденсе, оларды қол жүгінің зақымдануы үшін жауапкершілікке тарту міндеттелуі мүмкін.

Көлік министрлігі ұсынылып отырған өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар құқығын қорғауды күшейтуге және әуе тасымалы ережелерін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz