Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кейбір түрлері арзандады, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада бірқатар өнімнің бағасы төмендеген.
Бағасы ең көп түскен өнім – қияр. Оның құны 4,6 пайызға азайды. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз 3,2 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға, ұн 0,3 пайызға, тауық еті 0,2 пайызға арзандады.
Өңірлер бойынша бағаның төмендеуі Ақтау, Қонаев, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында байқалды.
Ақтауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы бір апта ішінде 0,7 пайызға төмендеді. Қонаевта бұл көрсеткіш 0,3 пайыз, Жезқазған мен Петропавлда 0,2 пайыз болды. Ал Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында баға 0,1 пайызға азайды.
Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында азық-түлік бағасы өзгеріссіз қалды.
Еліміз бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 524 теңге болды. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді. Мұнда қиярдың бір келісі 357 теңгеден сатылған.
Тазартылған күріштің орташа бағасы 534 теңге болды. Ең арзан күріш Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге.
Ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы келісіне 198 теңге. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді – 137 теңге.
I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 561 теңге болды. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 464 теңге, Оралда – 476 теңге.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #баға #азық түлік бағасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz