RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Қазақстандық полицейлер іздеуде жүрген күдіктіні Түркияда ұстады 

17.07.2026, 15:01 57

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Түркияда ұстады, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. 

16 шілдеде күдікті Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтаруға Қазақстанның Анталья қаласындағы Бас консулдығы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ықпал етті. 

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстады. Қылмыстық істер материалдарына сәйкес, олардың әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгені құрады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz