RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көктөбе аспалы жолында кабиналар тоқтап, ішінде адамдар қалып қойды

17.07.2026, 16:43 49

Алматыда Көктөбеге баратын аспалы жол тоқтап қалды. Бұл уақытта кабиналарда адамдар болған. Алдын ала ақпарат бойынша, тоқтауға электр қуатындағы ақаулар себеп болған, деп хабарлайды «24KZ».

Аспалы жолдағы оқиға 17 шілде күні күндіз болды. Құрылғы тоқтаған сәтте кабиналардың ішінде адамдар болған.

«Көктөбе» саябағының әкімшілігі фуникулерлердің тоқтауына электр энергиясының апатты жағдайда өшіп қалуы себеп болғанын хабарлады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, сағат 14:45-те барлық тұтынушыларды электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.

«Электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін барлық жолаушы эвакуацияланды. Қазіргі уақытта фуникулерлер жолаушыларды уақытша қабылдамайды. Барлық тексеру аяқталып, жұмыс қауіпсіздігі расталғаннан кейін қозғалыс қайта жанданады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Жолаушылар тасымалдайтын аспалы жолдың жұмысы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тоқтатылғаны атап өтілді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz