Балалардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қадағалау қажет.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауаптыларға осындай тапсырма берді. Бүгін үкіметте жасөспірімдердің жазғы уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды. Бүгінде 10 мың ұйымда 3 млн 221 мың бала демалыспен қамтылды. Бұл жайлы Оқу-ағару министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Кеңесте лицензиялау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Биыл алғаш рет білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін орталықтарды міндетті лицензиялау тәртібі енгізілген еді. Содан бері 64 ұйым рұқсат алды, тағы 45 өтінім қаралып жатыр. Сондай-ақ сауықтыру нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да сөз болды. Бүгінге дейін 220 балалар лагеріне тексеру жүрді. Отырысты қорытындылаған Аида Балаева халық арасында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Күннің күрт ысуына байланысты жұмысты жандандыруға, балаларға берілетін тағамның сапасын тұрақты бақылауда ұстауға ерекше назар аударды.
Тегтер #үкімет #балалар #жазғы демалыс #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz