Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Металлургтер күні қарсаңында сала үздіктері мен ардагерлерді құттықтады.
Салтанатты іс-шара "Qarmet" кәсіпорнында ұйымдастырылды. Ведомство басшысы отандық металлургияның стратегиялық маңызын атап өтті. 200 мыңнан астам адам еңбек ететін бұл сектор ел экономикасының 8 пайыздан астам үлесін қамтиды. Төл мереке иелері адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін "Еңбек ардагері" медалімен және III дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жұмыс сапары барысында министр №8 және №9 кокс батареяларының, жылына 4 млн тонна ыстықтай илектелген рулон өнімін өндіруге қауқарлы жаңа құю-прокат кешенінің құрылысымен, сондай-ақ "Qarmet park" аумағын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Кәсіпорынның жаңғырту бағдарламасын уақтылы іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #Қарағанды облысы #металлургия #үздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz