RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде 15 мыңға жуық металлург бар

19.07.2026, 08:00 119

Металлургтер күні мерекесіне орай ел бойынша болат балқытып, шойын қорытқан мамандарға құрмет көрсетіліп жатыр. Өскеменде 15 мыңға жуық металлург еңбек етеді.

Олар отандық өндірісті дамытуға теңдессіз үлес қосып келеді. Шаһарда ТМД аумағындағы тантал өнімдерін толық циклмен өндіретін жалғыз кәсіпорын бар. 

Бүгінде бұл металсыз медицина, авиация мен ғарыш саласын елестету мүмкін емес. Өнім Еуропа, Қытай және Жапонияға экспортталады. Бірақ әлемнің әр түпкіріне жол тартпас бұрын қатаң тексерістен өтеді. Дәл осы жауапты міндет көбінесе әйел адамдарға жүктелген.

Тантал – қарапайым пеште балқи қоймайтын ерекше металл. Аса жоғары температураға төзімді өнім маңызды бағыттарда қолданылады. Ғарышта, медицина саласында онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Ерекше металл Өскеменде өндіріледі.

Алексей Алексеев, Тантал өндірісі № 10 цех бастығы:

- Тантал өндірісін – ТМД аумағындағы бірегей жоба деуге болады. Зауыт жұмысы ғылымға негізделген. Танталдың қасиеті бөлек, сондықтан оны химия өнеркәсібінде, зымыран жасауда, медицина және автомобиль құрылысында кең қолданады.

Тантал бірқатар елге экспортталады. Сондықтан сапасы қатаң тексерістен өтеді. Өндірістің сегіз тәуліктік кезеңінен өткен тантал таспасы ең соңғы сатыда Фариза Қарменеваның алдына келіп түседі.17 металлургтің қолынан өткен тантал таспа қағаздан да жұқа. Шебер әріптестерімен бірге оның стандартқа сай болуын қадағалайды. Айтуынша, әке жолын қуып, осы бір қиын жолды таңдаған. Танталдың табиғаты өзімнің мінезіме де жақын, - дейді ол.

Фариза Қарменева, сынама орталығының бақылаушы шебері:

- Ең алдымен бұл – қиын балқитын металл. Бірақ өте иілгіш. Әрі өте ауыр металл, салмағы жағынан осмий мен алтыннан кейін үшінші орында. Мен өз мінезімді   танталға ұқсатамын. Жалпы жұмсақ адаммын бірақ айтқанымнан қайтпайтын қасиетім бар.

Осы қайсарлығы мен кәсібилігі үшін Фариза өз ортасында сыйлы. Кейде оның болжамдары машина есептеуінен де дәл шығады. Ал өндіріс сапасын сақтау үшін мұндай маман ауадай қажет. 

Михаил Семенец, Тантал өндірісінің технологиялық топ жетекшісі:

- Техникалық бақылау бюросы тек дайын өнімді емес, бүкіларалық процесті қадағалайды. Яғни кемшіліктерді анықтап, оны дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тұтынушының көңілінен шығатын өнім аламыз.

Бірнеше сатылы қатаң бақылаудың арқасында қазақстандық тантал да, одан жасалған бұйымдар да шетелдік тапсырыс берушілер арасында жоғары сұранысқа ие.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz