RU
Толық нұсқаға өту
Видеодан алынған кадр

Алматыда оқушы қызды соққыға жыққан жасөспірімдерге қылмыстық іс қозғалды

20.07.2026, 13:55 129

Алматыда қатарласын аяусыз соққыға жығып, оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялаған бір топ оқушы қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысушылардың бірі оқиға түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген. Кейіннен видео өшірілгенімен, құқық қорғау органдары оны зерттеп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басын анықтаған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Д.Қонаев атындағы университеттің жатақханасында бір топ қыздардың 17 жастағы студент қызды ұрып-соққан видеосы тараған болатын.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz