RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам қаза тапты

20.07.2026, 15:31 132

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның кәріз құдығындағы электр сорғысын жөндеу жұмыстары кезінде алты адам қаза тауып, тағы бір жұмысшы зардап шеккен.

Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, шақырту 20 шілде күні сағат 12:01–де түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтады.

Ал 1988 жылы туған тағы бір ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілген науқасқа орташа ауырлық дәрежесіндегі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылған. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы тұрақты, облыс орталығына тасымалдауды қажет етпейді.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп мәлімдеді полиция.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz