Павлодар облысының Ақтоғай ауданында кәріз құдығына түскен 6 жұмысшы мерт болды. Жазатайым жағдай сүт-тауарлы ферманың аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша жұмысшылар құдыққа электр сорғысын жөндеу үшін түскен. Алайда көмірқышқыл газына уланып, сол жерде көз жұмды. Бақилық болғандардың ең жасы – 16 жаста. Жөндеу жұмысына тартылған 7 жұмысшының біреуі ғана аман қалды. Жедел-жәрдем қызметі оны Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Асқар Ғазизов, облыстық Жедел жәрдем станциясының баспасөз хатшысы:
- Шақыру 20 шілде күні сағат 12:00-де Ақтоғай ауданы Жоламан аулындағы ЖШС –дің бірінен түсті. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 6 ер адамның қаза тапқанын анықтады. Тағы бір ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Жанар Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Павлодар #жұмысшылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz