RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында 3 теміржол вокзалы жаңғыртылды

20.07.2026, 20:30 73

Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды. Қазір Қазалы, Шиелі және Жаңақорғандағы станциялар тәулігіне мыңдаған жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр.

Құрылыс кезінде ғимараттардың тарихи келбеті сақталып, инженерлік желілері толық жаңартылды. Күту залдары мен билет кассалары заманауи үлгіде жабдықталды. Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға барлық жағдай жасалған. Қазір үш нысан да қалыпты режимде жұмыс істейді. Станциялар арқылы күн сайын Астана, Алматы, Ақтөбе және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға пойыздар қатынайды.

Кенжегүл Бақтыбаева, Жаңақорған ауданының тұрғыны:

- Қазіргі вокзалды көрсек таңқаламыз. Жастарға барлық жағдай жасаған. Вокзал, бұл - ауданның айнасы, қақпасы. Вокзалға келген адам ауданның қандай екенін көреді. Сондықтан ең бірінші вокзалымыз жақсы, керемет болса, ауданымыз да тамаша болады.

Құттықыз Ықанова, Шиелі ауданының тұрғыны:

- Қазіргі таңда Қазақстанда қаншама теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл халыққа жағдай жасалуы, қауіпсіздігі, тұрғындарға жайлы болуы. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz