Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аймақта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
ТЖМ мәліметінше, мемлекеттік жер қоры аумағындағы Бәйдібек би ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Бақтияр сай шатқалында құрғақ шөп тұтанған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері және 15 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Авиация жалпы көлемі 51 тонна болатын суды 17 рет төкті.
Өрт сөндіру жұмыстарына аптап ыстық пен секундына төрт метрге дейін жететін солтүстік-батыс желі кедергі келтіріп отыр.
Өртті сөндіру жұмыстары Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы облысы #өрт шықты #ТЖМ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz