Атырауда бейнежазбаны бұрмалап таратқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізуші оқиға орнында түсірілген бейнежазбаға қатысы жоқ өзге аудиожазбаны қабаттап, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан. Осы дерек бойынша оған қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс материалдары сотқа жолданды.
Айта кетейік, 19 шілдеде Атырау облысы аумағында ірі көлемдегі жүк тиеген автокөліктің жол бойында қараусыз қалдырылғаны анықталды. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін уақытша шешіп алды. Тексеру барысында 38 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар автокөліктің жол учаскесінен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тарапынан тиісті көмек көрсетілді.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуге шақырады. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Атырау #жалған ақпарат #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz