RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында дауыл салдары жойылып жатыр

21.07.2026, 15:12 56

Табиғат апатынан Құдайкөл ауылындағы жүздеген үйге зақым келді. Ондаған отбасы жарық пен сусыз қалды. 

Қатты жел шатырларды ұшырып, электр желілерін үзген. Бес адам медициналық көмекке жүгінді. Арасында балалар да бар. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жойқын дауыл өңірде біраз жылдан бері болмаған.

Қайыржан Омаров, Құдайкөл ауылының тұрғыны:

- Осында 25 жыл бойы тұрамын. Өмірімде мұндай дауылды бірінші рет көруім шығар. Әр үйге зақым келді. Шатырлар ұшып, қоршаулар құлаған. Үйімнің қабырғасы терезесімен бірге құлап қалды. Жел өте екпінді болды. Темір үстелдердің өзін аударып, айналаның бәрін ұшырып әкетті.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

- Қазіргі кезде барлық тиісті қызметтің жұмыстары ұйымдастырылып, жалпы зардап шегілген үйлер бойынша оценка жүргізіліп жатыр. Одан кейін жұмыстарының барлығы аяқталғаннан кейін тиісті комиссияға шығарып, тиісті шешімдерді қабылдайтын боламыз. Міндетті түрде әр зардап шеккен үйге тиісті көмек көрсетілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz