Алматы облысындағы Бақтияр сай шатқалында болған табиғи өрт толықтай сөндірілді.
Мемлекеттік жер қоры аумағында тұтанған жалын құрғақ шөптен басталып, жалпы 8 гектар жерді шарпыған. Тілсіз жауды тоқтатуға төтенше жағдайлар қызметінің және орман шаруашылығының 70 маманы, сондай-ақ 15 арнайы техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да тартылды. 8 сағаттан астам уақыт ішінде өрт толықтай сөндірілді. Министрліктің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнбеген.
Ақтоты Аятқызы, Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы:
- ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна болатын 17 рет су тастау жұмыстары ұйымдастырылды. Жұмыс барысы күннің ыстығы мен жылдамдығы 4 метр секундқа жететін солтүстік-батыс желі салдарынан күрделенді. ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығының үйлесімді іс-қимылдары кезінде өрт сөндірілді.
Тегтер #Алматы облысы #тау #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz