RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Таиландтан есірткі жеткізбек болған бойжеткен 16 жылға сотталды

22.07.2026, 13:46 74

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы қазақстандық бойжеткен 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «24KZ».

Соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттары контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.

Бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден ұсталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстар жиі халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі екенін еске салды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz