RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда жарты жылда 1 млрд-қа жуық адам жолға шыққан

22.07.2026, 14:26 70

Қазақстанда көлікпен қатынайтын жолаушылар саны артты. 2026 жылдың алғашқы алты айында елдегі барлық көлік түрі арқылы 979,4 млн жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға көп, деп хабарлайды «24KZ».

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жолаушылардың жалпы жүріп өткен жолы 45,3 млрд шақырымға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға көп.

Жолаушылардың басым бөлігі әдеттегідей автомобиль көлігін пайдаланған. Қаңтар-маусым айларында автобустар мен өзге де автокөлік түрлері арқылы 962,7 млн адам тасымалданған.

Ал теміржол көлігімен – 9,2 млн, әуе көлігімен – 7,4 млн, теңіз көлігімен – 14 мың жолаушы жүрген.

Өңірлер арасында жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында байқалған. Мұнда көрсеткіш бір жылда 62,7 пайызға артқан. Сондай-ақ Алматы қаласында – 22,3 пайыз, Ақмола облысында – 20,6 пайыз, Шымкент қаласында – 19,2 пайыз өсім тіркелді.

Жүк тасымалы саласында да өсім бар. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жүк айналымы 255,8 млрд тонна-километрге жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2 пайызға көбейген.

Жүк айналымы ең көп артқан өңірлердің қатарында Жетісу облысы (16,3 пайыз) мен Абай облысы (12,2 пайыз) бар. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7 пайызға, Астана қаласында 8,5 пайызға, Ақтөбе облысында 6,9 пайызға өскен.

Мамандардың айтуынша, көлік саласындағы көрсеткіштердің өсуі елдегі жолаушылар қозғалысы мен жүк ағынының біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz