RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ТЖМ

Қазақстанда 496 сел қаупі бар учаске есепке алынды

22.07.2026, 15:15 61

Қазақстанда сел қаупінің алдын алу және сел жүру қаупі бар кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды «24KZ» ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда елімізде Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында орналасқан 496 сел қаупі бар учаске есепке алынған.  Төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ құрамында жалпы саны 117 адамнан тұратын 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылып, 61 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, - деп мәлімдеді ТЖМ.

Гидрометеорологиялық жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізуді «Қазселденқорғаудың» 30 диспетчерлік пункті мен жыл бойы жұмыс істейтін 79 бақылау бекеті қамтамасыз етеді. Сел қаупі кезеңінде қосымша 38 маусымдық бекет ашылды. Ықтимал қауіпті учаскелерде 133 ескерту тақтайшасы орнатылды.

Профилактикалық жұмыстар аясында «Қазселденқорғау» мамандары ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, сел қаупі бар учаскелерге 541 жерүсті және 16 әуеден визуалды тексеру жүргізді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облыстарында орналасқан 15 мұздақ көлде алдын алу жұмыстар жүргізу жоспарланған. Іс-шаралар кешені сел қаупін уақтылы анықтауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және халық пен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан ТЖМ сел қаупі бар барлық өңірлерде сел жағдайын жүйелі түрде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz