RU
Толық нұсқаға өту

Алакөл жағалауын қорғайтын бөгет салынады

22.07.2026, 17:03 68

Алакөлдің жағалауын қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді. Қаражат Үкімет резервінен алынады. 

Ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салу жоспарланып отыр. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі. Нәтижесінде Алакөл жағалауының шайылуы тоқтап, су айдынындағы шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесі сақталады деп күтіліп отыр. Айта кетейік, соңғы екі жыл ішінде алты өңірде жалпы ұзындығы 243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері салынды. 

Жандос Сәлімов, ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Жобаны іске асыру Алакөлдің табиғи жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қорғаныс инфрақұрылымын салу өңірдің туристік әлеуетін арта отырып, демалушылардың, жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz