Алматы облысында кәсіпкерлердің құқығын бұзу деректері азаймай тұр. Жыл басынан бері осындай 65 факт тіркелген.
Прокурорлардың араласуымен екі мыңнан астам бизнес өкілінің құқығы қалпына келтірілді. Тексеру нәтижесінде лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны және мемлекеттік бақылау талаптарын бұзғаны анықталды. Қадағалау актілерінің нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірген үш нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды. Сондай-ақ бизнес өкілдерінің пайдасына 469 миллион теңге өндірілді.
Бауыржан Бимолданов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
– Кінәлі тұлғаларға қатысты айтатын болсақ, 25 адам тәртіптік жауапкершілікке, ал 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 12 тұлға заңсыз тексеру жүргізгені үшін, ал 22 тұлға кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерден түскен әрбір өтініш мұқият тексеріледі. Заңбұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкердің құқығын қорғап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға міндеттіміз.
Тегтер #Алматы облысы #кәсіпкер #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz