RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы дәнекер

22.07.2026, 23:30 39

Парламенттік реформаның басты мақсаты – билік институттарын халыққа жақындатып, шешім қабылдау үдерісін ашық әрі қолжетімді ету. 

Саясаттанушы, Ресей-Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы осылай дейді. Андрей Выползов «Құрылтай заң шығару үдерісін оңтайландырып, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Оның құрамына халықтың шынайы мүддесін қорғайтын азаматтар шоғырланады. Сондай-ақ құрылтай ұғымы қазақтың саяси мәдени жадында ұлттың ұжымдық еркі мен тарихи жауапкершілігін білдіреді», - дейді.

Андрей Выползов, саясаттанушы, Ресей-Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы:

- Бір палаталы Парламент жүйесіне көшу заң шығару үдерісін едәуір жеделдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді жоятыны аны. Алайда бұл міндетті түрде заңдардың сапасына кері әсер етеді деген сөз емес. Керісінше, бұған дейін заң жобалары екі палата арасында біршама уақыт талқыланып, саяси жауапкершілік те қос палатаға бөлініп келсе, жаңа модель бойынша бүкіл құқықтық жауапкершілік бір органға жүктеледі. Бұл әр депутаттың әр құжатқа аса үлкен жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді деуге болады. Оның үстіне заң жобаларын жан-жақты сараптаудан өткізетін Құрылтайдың ішкі сүзгілері де бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz