Маңғыстау облысында елді мекендердің тазалығына жауапты коммуналдық мекемелердің автопаркі жаңа көліктермен толықты.
115 арнайы техника шағын аудандарды абаттандыру, жолдарды тазалау және қоқысты полигонға тасымалдауға қолданылады. Озық үлгідегі автокөліктердің кілтін өңір басшысы тапсырды.
Маңғыстауда 5 аудан және 2 қала бар. Елді мекендердің санитарлық тазалығына жауапты мекемелерге 100-ден аса арнайы техника берілді. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Аманжол Қартбаевтың пікірінше, бұл облыс тарихында соңғы 20 жылда алғаш рет жүзеге асқан ауқымды жоба.
Аманжол Қартбаев, мемлекеттік қызмет саласының ардагері:
- Президентіміздің өзі «Таза Қазақстан» дейтін үлкен бағдарлама жасап, ол жаңа Конституциямызға еніп, аудандардың барлығынд жаңа мекемелер құрылып жатыр. Сол мекемелердің қазір енді өндірістік базасы, техникалық жабдықталуы жақсарып келе жатыр.
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында соңғы жылдары облыста бірнеше коммуналдық кәсіпорын құрылды. Соның бірі «Таза Ақтау» мекемесі. Компания жұмысшылары қалада тазалық және абаттандыру жұмыстарын күнделікті атқарады.
Ислам Үсенов, «Таза Ақтау» МКК директоры:
- Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болғандықтан 24/7 жұмыс жасаймыз. Қазір өзіңіз білесіз, шағым көп тұрғындардан. Сондықтан қазіргі таңда 24 арнайы техника келді. Жақын арада жұмыстарымызды бастайтын боламыз. Штатқа адамдарды алып жатырмыз және келесі жылдан бастап көгалдандыру бойынша жұмыстарды атқаратын болады.
Аймақ әкімдігі коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ресейлік компаниямен келісімшарт жасаған. Жаңа техникалардың Жаңаөзен, Бейнеу, Мұнайлы және Маңғыстау ауданына, Қарақия мен Түпқарағанға берілді. Автопаркті жаңарту шаралары жүйелі түрде жалғаса береді, деді облыс әкімі.
Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев
Тегтер #Маңғыстау облысы #коммуналдық мекемелер #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz