RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық дрондар сынақтан өтті

23.07.2026, 13:40 53

Қарағанды облысындағы Cпасск полигонында Қазақстанда құрастырылған дрондар мен роботтандырылған техника сынақтан өтті.

Төрт дөңгелекті көлікке ұқсас отандық өнім оқ-дәрілер мен инженерлік құралдарды жеткізуге арналған. Сондай-ақ ауыр жүктер мен жараланғандарды тасуға қабілетті. Алдағы уақытта бұл құрылғыға қару-жарақ орнату жоспарланып отыр. Сынақ барысында ұшқышсыз ұшу аппаратын басқару жүйесі де көрсетілді. Оператор бір мезетте 100 құрылғыны басқара алады. Ұшқышсыз ұшу аппараты дрондарды жояды және өзге де әскери міндеттерді орындай алады. 

Әділ Құсайын, көрсетілімдік сынақтар комиссиясының өкілі:

- Комиссияның қорытындысы бойынша тексерістен өткен ұшқышсыз жүйе және робототехникалық жүйелерді жоғары басшылыққа ұсынатын боламыз. Олар алдағы уақытта Қарулы күштерді болатын оқу-жаттығуларда бөлімшелердің іс-қимылымен үйлестіріп, оларды қолдануға және ҚР Қарулы күштері қатарына енгізу бойынша шешім қабылдайтын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz