RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысында жаңа энергия нысандары салынып жатыр

23.07.2026, 17:00 45

Маңғыстау облысында жаңа энергия нысандары салынып жатыр. Бұл электр қуаты мен жылу тапшылығын азайтуға сеп.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапарымен барып, энергетикалық және өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңғырту жобаларымен танысты. Ақтау энергетикалық компаниясы базасында қуаты 160 мегаватт бу-газ қондырғысы салынып, ол еліміздің батыс өңірін қуат көзімен қамтуға септігін тигізбек. Нысан келер жылдың маусымында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Үкімет басшысы барлық жұмыстарды уақытында орындауды тапсырды.

Гэ Личунь, «АЭК» ЖШС Бас директоры:

- Қытай мен Қазақстан Үкіметтерінің қолдауымен China huadian компаниясы Ақтауда тиімділігі жоғары және экологиялық таза заманауи газ турбиналы электр станциясын салуда. Бұл жобаның белгіленген қуаты 160 МВт, жалпы инвестиция құны - шамамен 210 млн доллар.  Жоба іске қосылғаннан кейін ол өңірді таза және тиімді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Энергия желісінің қауіпсіздік деңгейін арттырады, сондай-ақ құрылыс кезеңінде кемінде 240 жұмыс орны ашылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz