RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Enerfort 2026 кибероқулары басталды

23.07.2026, 21:00 32

Елде энергетикалық инфрақұрылымның киберқорғанысы күшейеді. Алматыда отын-энергетика кешені нысандарының технологиялық жүйелерін қорғауға арналған кибероқулар өтіп жатыр.

Шараны Энергетика министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп өткізді. Басқосу мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруді көздейді. Екі күн бойы 100-ден аса маман арнайы дайындықтан өтеді. Қатысушылар шартты кибершабуылдарды анықтап, тергеп-тексереді. Оқиғаға ден қою дағдыларын дамытады. Шара инфрақұрылымның кибертұрақтылығын арттыруға, автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бақытжан Ілияс, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Энергетика саласы бұл тек деректерді қорғау ғана емес, сонымен қатар технологиялық үдерісті  қорғап,  апатқа әкелуі мүмкін жағдайдың алдын алады.  Біздің қызметкерлеріміздің біліктілігі қандай деңгейде? Тағы неге назар аударуымыз қажет? Қандай мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірігіп, киберқауіпсіздікті нығайту үшін, кибершабуылға қарсы тұру үшін күш салуымыз керек? Осы мәселелерге ой жүгірттік.

Марғұлан Ибраимов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ проректоры:

- Энергетика министрлігімен алғаш салалалық компетенциялау орталығын аштық. Екі сутегі генерациясы болды. Енді міне, 3-ші бағыт киберқауіпсідікті дамытып жатырмыз. Киберқауіпсіздік бойынша және кванттық шифрования бойынша алғаш Орталық Азияда алғаш орталық. Яғни, алғаш PhD диссертация, магистрлік диссертация қорғалып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz